Сұлтан мен Ақбаянның балаларына ата-әжесі не айтты? Атыраудағы трагедияға қатысты тың дерек

Сұлтан мен Ақбаянның балаларына ата-әжесі не айтты? Атыраудағы трагедияға қатысты тың дерек
Фото: ult.kz

Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның 5 баласы бар. Төртеуі облыстағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Орталық директорының сөзінше, балалар ата-анасын ауруханада деп ойлайды, деп хабарлайды ult.kz.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Құндыз Гиниятова Kursivmedia-ға сұхбат берген. Ол 3 бала 2 ақпан күні, ал ең кішісі сәуір айында келгенін айтты. 

"Сұлтан мен Ақбаянның 9, 8, 5, 3 жастағы балалары бізде. 3 қыз, 1 ер бала. Олар болған оқиғаны білмейді. Олар орталыққа келгенде ата-анаң ауруханада дегенбіз. Ал ата-әжесінің оларға не айтатынын біз білмейміз. Олар немерелеріне келіп тұрады", - дейді ол. 

Директордың айтуынша, балалардың жағдайы жақсы екен. Олардың білім деңгейі орта деп бағаланған.