ШҚО тұрғынының ауласынан 35 келі қарасора табылды

ШҚО тұрғынының ауласынан 35 келі қарасора табылды
Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қарасораны заңсыз өсіру және сақтау фактісі анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Глубокое ауданының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның үйі мен шаруашылық құрылыстарын тінту кезінде кептірілген өсімдік бөліктері, өсімдік тектес заттар және 40 түп қарасора табылды.

Бұдан бөлек, үй маңындағы аумақтан тағы 156 түп қарасора анықталған. Сараптама тәркіленген заттардың есірткі екенін растады. Жалпы салмағы – 34,9 келі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.