СҚО-да жеті қалыңдық сайлауға келді

СҚО-да жеті қалыңдық сайлауға келді
Коллаж: видеодан кадр

Солтүстік Қазақстан облысындағы сайлау учаскелерінің бірінде жеті қалыңдық ерекше киімдерімен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ult.kz.

Ақ көйлек пен фата киген бойжеткендер үйлену тойына асықпастан бұрын сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

Қалыңдықтардың барлығы дауыс беру жәшігіне барып, өз таңдауын жасаған. Олардың бұл қадамы сайлау учаскесінде ерекше көрініс қалыптастырды.

Сайлау күні жеті қалыңдықтың бірден бірге келуі желі қолданушыларының да қызығушылығын тудырды. Ал күйеу жігіттердің қайда болғаны әзірге белгісіз. 

Осылайша СҚО-да сайлау күні ерекше «қалыңдықтар шеруі» өтті.