Оралда 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматты есептен шығару заңсыз деп танылды. Сот оның талабын қанағаттандырды, деп хабарлайды ult.kz.
Батыс Қазақстан облысының соты анықтағандай, азамат А. коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаждар есебінде тұрған. Кейін ол белгісіз себептермен кезектен шығарылған.
Азамат бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінген. Сот тұрғын үй есебінен шығаруға заңды негіз болмағанын анықтап, әкімшілік талап арызды қанағаттандырды.
Сот өкілдерінің түсіндіруінше, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке алынған азаматтар баспанамен қамтамасыз етілгенге дейін кезектен шығарылмауы тиіс.