Сот үкімінен кейін актер Нұрсұлтан Жақсыген әлеуметтік желіде жазба жариялады

Сот үкімінен кейін актер Нұрсұлтан Жақсыген әлеуметтік желіде жазба жариялады
ашық дереккөз

Бұрынғы әйелінің ар-намысына тиіп, қаралаған актер Нұрсұлтан Жақсыген сот үкімі шыққаннан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі қазіргі жағдайдың өткінші екенін айтып, оған қолдау көрсетіп, дұға жасаған жандарға алғысын білдірді.

«Бәрі уақытша, балапандарым. Алла қаласа, күшті болып ораламын! Жақсы көремін сендерді… Бұл да өткінші нәрсе, дұғаларыңызға ризамын. Иншалла, бәрі жақсы болады. Алла осылай қаласа, бір қайыр бар», – деп жазды актер.