«Соңына дейін шашылайық»: Танымал блогер тойбастарға бриллиант таратты

«Соңына дейін шашылайық»: Танымал блогер тойбастарға бриллиант таратты
Коллаж: видеодан кадр

Танымал блогер Ақмарал Елшін ата-анасының 60 жас мерейтойында қонақтарға тойбастар ретінде бриллиант таратылғанын айтты, деп хабарлайды ult.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Тойға шашылған қазақ соңына дейін шашылайық», - деп жазды ол видеоға.

Әлеуметтік желіде қызу видео талқыланды. Желі қолданушыларының бір бөлігі мұны ысырапшылдық деп бағаласа, енді бірі ерекше дәстүрді құптады.

«Бекерге ақша шашу», «Не деген есіл ақша», «Не керек дарақтап? Сол бриллиантқа ешкім қуанып та жатқан жоқ», «Жарайсыңдар!», «Күшті, тойдан бриллиант сарқыт бұйырсын»,  «Күлімдеп қараған бір жанды көрмедім», «Осындай той жұғысты болсын», «Қонақтарда ешқандай эмоция жоқ», «Аурып жатқан мұқтаж адамдарға берсе ғой», - деп жазды желі қолданушылары.