«Соғыс тәулік ішінде тоқтауы мүмкін» - Кремль Тоқаевтың ұсынысына жауап берді

«Соғыс тәулік ішінде тоқтауы мүмкін» - Кремль Тоқаевтың  ұсынысына жауап берді
Сурет ашық дереккөздерден алынған

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты тоқтату жөніндегі ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz, kznews-ке сілтеме жасап.

Песковтың айтуынша, Владимир Путин Омбыдағы кездесу барысында Тоқаевқа майдандағы қазіргі жағдай туралы ақпарат берген. Оның сөзінше, қақтығысты тоқтату мәселесі ең алдымен Киевтің ұстанымына байланысты.

«Егер Киев тиісті шешім қабылдаса, әскери әрекеттер тәулік ішінде тоқтауы мүмкін», - деді Дмитрий Песков.

Сондай-ақ Кремль өкілі Ресейдің басты мақсаты өзгермегенін атап өтті.

«Негізгі шарт - өз мақсаттарымызға жету», - деп жауап берді ол.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеудің маңызын айтып, дипломатиялық шешімдерді қолдайтынын мәлімдеген болатын.