Қазақстанда халық табысын арттыру бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі тіркелді, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.
«Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,8 млн-нан 2,2 млн-ға дейін өсті, ал секторда жұмыспен қамтылғандар саны 4,5 млн адамға жетті. Экономикадағы ШОБ үлесі ЖІӨ-нің 40,9%-на дейін өсті, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді, ал жұмысқа орналасқан азаматтар саны 912,8 мың адамға дейін өсті»,
— деді Азамат Әмрин.