Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Сіздердің ойларыңыз мен үшін маңызды”: Баян Мақсатқызы оқырмандарына үндеу жасады

“Сіздердің ойларыңыз мен үшін маңызды”: Баян Мақсатқызы оқырмандарына үндеу жасады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі оқырмандарына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі өзіне жолданған хаттар мен пікірлерді назардан тыс қалдырмауға тырысатынын айтып, оқырмандарымен жақын байланыста болғысы келетінін жеткізді.

“Әрбір жазған пікірлеріңіз бен хаттарыңызды оқуға тырысамын. Сіздердің ойларыңыз мен үшін маңызды. Әрқайсыңызға жақын болып, арадағы байланысты сезінгім келеді. Баршаңызға көңіл бөліп, мүмкіндігінше жауап беруге тырысамын”, – деп жазды продюсер Instagram парақшасында.

Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде жеке өмірі мен шығармашылық жаңалықтарын жиі бөлісіп, қоғамда талқыланып жүрген мәселелерге қатысты да өз пікірін ашық білдіріп келеді.

Айта кетейік, Тамара Асардың жазбасы жұртты елең еткізді. 

Баян Мақсатқызы кім?

Баян Мақсатқызы (Баян Алагөзова) – қазақстандық продюсер, актриса, тележүргізуші және кәсіпкер. Ол 1974 жылы 9 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген.

1993 жылы “Махаббат бекеті” фильмінде басты рөлді сомдап, көпшілікке танылды. Кейін телевизия саласында еңбек етіп, продюсерлік қызметке бет бұрды.

Ол “КешYOU”, “Ayumi” қыздар топтарын құрып, көптеген жас әншінің өнер жолын бастауына ықпал етті. Сондай-ақ кинотуындылар мен телевизиялық жобаларды жарыққа шығарды.


2017 жылы кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке тұрмысқа шықты. Төрт қыздың анасы.

Баян Мақсатқызы қоғамдық мәселелерге қатысты пікірін ашық білдіріп, әйелдер құқығын қорғау тақырыбын жиі көтеріп жүр.