Белгілі әнші Тамара Асар әлеуметтік желіде ерекше жазба жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды. Өнер иесінің шаңырағында жақында қуанышты той болатын сыңайлы, деп хабарлайды ult.kz.

Әнші ұлының сүйіктісімен бірге түскен суретін жариялап, жастарға ақ тілегін арнады.
"Алла бұйыртса. Оң болсын, жарықтарым!" – деп жазды Тамара Асар.
Өнер иесінің жазбасынан кейін оқырмандар оны болашақ келінімен құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды.
"Келініңіз құтты болсын!", "Оң болсын!" – деп жазды желі қолданушылары.
Алайда әнші болашақ келінінің кім екенін ашып айтпады. Ал үйлену тойының қашан өтетіні әзірге белгісіз.
Тамара Асар кім?
Тамара Асар – қазақ эстрадасының танымал әншісі, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1976 жылы 16 шілдеде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде білім алып, кейін психология саласында докторлық дәрежеге ие болған.
Өнердегі еңбек жолын Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында бастаған. "Ариайдай", "Ренжімеші", "Жалғыз досым", "Сол бір қыз" сынды әндерімен көпшілікке танылған.
Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін 2014 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.