Алматыдағы музыкалық күз көрермендерге жақсы таныс хиттердің ерекше орындалуымен басталды. 4 қыркүйекте Ne Prosto Orchestra Республика сарайында «BEST OF NE PROSTO POP» бағдарламасын ұсынды. Adele, Lady Gaga, Coldplay, Bruno Mars, Black Eyed Peas, Daft Punk және басқа да әлемдік орындаушылардың танымал композициялары бұл жолы симфониялық аранжировкада орындалды. Концерттің бас демеушісі — Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Škoda Qazaqstan.
Оркестрлік бағдарлама әртүрлі музыкалық дәуірлерді тоғыстырып, көпшілікке таныс поп-музыканың жаңа форматта қалай түрленетінін көрсетті. Ne Prosto Orchestra-мен серіктестік — Škoda Qazaqstan брендінің заманауи мәдени ортаны дамытуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі. Бренд оркестр ұжымына қолдау көрсетіп, ауқымды музыкалық бағдарламаларды кең аудиторияға таныстыруға үлес қосып келеді.

Ынтымақтастық Škoda брендінің адамға деген қамқорлық, жаңа идеяларға ашықтық және күнделікті өмірден тыс жағымды эмоциялар сыйлауға ұмтылу құндылықтарын көрсетеді. Бұл тұрғыда музыка брендтің аудиториямен байланыс орнататын тағы бір алаңына айналып отыр.
«Ne Prosto Orchestra ұжымы тағы да музыка сүйер қауым мен өнерге бейжай қарамайтын тыңдармандарды бір жерге жинай алды. Күзді пікірлес жандардың жылы ортасында бастап, жастық шағымыздан таныс әрі сүйікті композициялардың тамаша орындалуын тыңдаудың өзі бір ғанибет.
Музыка мен ән — жан азығы. Олар бізге өмірдегі ең маңызды дүниелерді ой елегінен өткізіп, еске түсіруге, үміт сыйлап, алға қарай қадам басуға күш береді. Осындай шаралар көбейіп, сонымен бірге бір-бірімізбен тамаша эмоцияларымызды бөлісуге себеп болатын сәттер де көп болсын», — деді Škoda-ның Қазақстандағы дистрибуция басшысы Андрей Тананыкин.
Алматыдағы бұл концерт биыл Škoda Qazaqstan қолдауымен өткен Ne Prosto Orchestra-ның үшінші концерті болды. Алайда серіктестік мұнымен аяқталмайды.
20 желтоқсанда Астанада Qazaqconcert сахнасында «Ne Prosto Новый год» атты кезекті концерт өтеді.