Сауль Альварес екінші орта салмақта WBC және WBA титулын жеңіп алды

Сауль Альварес екінші орта салмақта WBC және WBA титулын жеңіп алды

Төрт салмақ санаты бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) АҚШ-тың Техас штатында британдық Каллум «Mundo» Смитке (27-0-0,19КО) қарсы кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жекпе-жекте екінші орта салмақта WBC/WBA және The Ring титулы сарапқа салынды. 

12 раундқа созылған айқаста мексикалық боксшы айқын басымдылық танытты. Ал бұған дейін екінші орта салмақта бірінші орында болған британдық боксшы бастапқы 6 раундта сауатты қарсылық көрсете білді. Алайда, Сауль Альварес жекпе-жектің екінші жартысынан бастап қарқынын үдете түсті.

Қортындысында, «Канело» төрешілердің бірауыз шешімімен (119-109/119-109/117-111) жеңіске жетіп, екінші орта салмақта WBC/WBA және The Ring титулын жеңіп алды.

Айта кетейік, Сауль Альварес кәсіпқой бокстағы мансабын 2005 жылы жартылыай орта салмақтан (welterweight/66,7кг) бастаған болатын. 2011 жылы бірінші орташа салмақта алғашқы чемпиондық титулын (WBC белдігі) иемденді. 2015 жылы орта салмақта WBC чемпионы атанып, 2017-2018 жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1,35КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек қортындысы дауға ұласқанына қарамастан, «Канело» орта салмақта WBC/WBA/IBF/IBO белдіктерін иеленді.

Сондай-ақ, Сауль Альварес жартылай ауыр салмақ және екінші орта салмақта чемпиондық титулды жеңіп алды.