Сауд Арабиясы Мекке маңында дронды атып түсірді

Сауд Арабиясы Мекке маңында дронды атып түсірді
ашық дереккөзден

Сауд Арабиясы Мекке қаласына жақындаған ұшқышсыз ұшақтың атып түсірілгенін мәлімдеді. Эр-Рияд қасиетті қаланың қауіпсіздігін «қызыл сызық» деп атады, деп хабарлайды ult.kz.

Сауд Арабиясы тарапының мәліметінше, дронды хуситтер ұшырған. Алайда хуситтер бұл айыптауды жоққа шығарып, Меккені нысанаға алмағанын мәлімдеді.

Оқиға Йемендегі қақтығыстың қайта шиеленіскен тұсында болды. Хуситтер сондай-ақ Сауд Арабиясы жүздеген рет әуе соққысын жасағанын және F-15 әскери ұшағы атып түсірілгенін хабарлады. Алайда Эр-Рияд бұл ақпаратты растаған жоқ.