Шакира Алматыдан бұрын Бішкекте өнер көрсетуі мүмкін

Шакира Алматыдан бұрын Бішкекте өнер көрсетуі мүмкін
ашық дереккөз

Колумбиялық әнші Шакира 2026 жылдың қарашасында жаңадан ашылған «Бішкек Аренада» концерт беруі мүмкін. Ал әншінің Алматыдағы концерті әзірге ресми түрде расталған жоқ, деп хабарлайды ult.kz.

Шакираның Қырғызстанға келуі мүмкін екенін Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Туманбаев мәлімдеді. Ол әншінің өнер көрсетуінен үзінді жариялап, «Шакира! Жақында Bishkek Arena-да! Күтесіздер ме?» деп жазды.

Қырғызстан президентінің іс басқармасында тараптардың қазір келіссөз жүргізіп жатқаны нақтыланды. Концерт қараша айында өтуі мүмкін. Алайда нақты күні, билет бағасы және басқа да шарттар әзірге белгісіз.

«Бішкек Арена» 51 мыңнан астам көрерменге арналған. Стадион 2026 жылы ашылып, онда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өткен.

Алматыда Шакираның концерті өтуі мүмкін деген ақпарат көктемнен бері айтылып келеді. Бұған дейін қалалық Спорт нысандары дирекциясының басшысы Есет Байтаcов әншінің концертін Орталық стадионда өткізуді жоспарлап отырғандарын мәлімдеген. Алайда Алматы әкімдігі ресми келісімге қол қойылмағанын, концерттің күні мен өтетін орны әлі бекітілмегенін хабарлаған.

Бұған дейін «Астана Концерт» продюсері Мәлік Хасенов те Шакираның Қазақстанда өнер көрсетуі бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтқан.

Осылайша, Қырғызстандағы келіссөздер сәтті аяқталса, Шакира Бішкекте Алматыдан бұрын концерт беруі мүмкін.

Әншінің өзі және оның өкілдері Бішкек пен Алматыдағы концерттер туралы әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.