Саябақтағы шабуыл: Астанада қызға күш көрсеткен ер адам ұсталды

Саябақтағы шабуыл: Астанада қызға күш көрсеткен ер адам ұсталды
ашық дереккөз

Астанада саябақта бойжеткенге тиіскен деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға туралы алғаш болып жәбірленушінің туысы әлеуметтік желіде хабарлады. Оның айтуынша, оқиға 29 шілде күні таңертең болған.

Белгісіз ер адам саябақта қызды күштеп ұстап, жібермей қойған. Бойжеткен айқайлап, айналасындағылардың назарын аударуға тырысқан. Осыдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда жәбірленуші оны бейнекамераға түсіріп үлгерген.

Астана қалалық полиция департаменті күдікті ретінде 27 жастағы қала тұрғынының ұсталғанын растады.

– 27 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ведомство.

Полиция мәліметінше, күдіктіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Іс материалдары соттың қарауына жолданды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.