Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында қайғылы оқиға болды. 13 жастағы қыз спорттық мотокөлікпен жүріп келе жатып, атты байлаған арқанға соғылып, қаза тапты. 15 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 тамызда тұрғын үй маңында болған.
Полицияның алдын ала мәліметінше, мотокөлікті басқарған жасөспірім атты байлап қойған арқанға соғылып, ауыр жарақат алған. Ол оқиға орнында көз жұмған. Көлікте болған 15 жастағы жолаушы дәрігерлердің көмегіне жүгінді.
Кәмелетке толмаған қыздың қаза болуына байланысты Риддер қаласының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аттың иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.