Ресейдің үш өңіріндегі Ozon қоймаларына дрондар шабуыл жасады

Ресейдің үш өңіріндегі Ozon қоймаларына дрондар шабуыл жасады
ашық дереккөз

Ресейдің Дағыстан, Адыгея және Ставрополь өлкесіндегі Ozon маркетплейсінің қоймалары дрон шабуылынан зардап шекті, деп хабарлайды ult.kz.

Дағыстанда Кумторкала ауданында дрон сынықтарының құлауынан қойма инфрақұрылымының бір нысаны зақымданып, ғимараттарда өрт шыққан. Ozon компаниясы қоймаға украин дрондары шабуыл жасағанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше адам зардап шеккен. Қойманың жұмысы тоқтатылды.

Адыгеяда Тахтамукай ауданындағы Ozon логистикалық орталығының аумағында да өрт шыққан. Оны сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жұмылдырылды.
Ал Ставрополь өлкесінің Невинномысск қаласында дрон шабуылы қаупіне байланысты Ozon қоймасы алдын ала эвакуацияланған.

Ставрополь өлкесінің билігі Невинномысскідегі оқиғаға әзірге түсініктеме берген жоқ.