Ресейдегі ең бай қазақ жылқысын көрсетті: желідегілер таңдай қақты

Ресейдегі ең бай қазақ жылқысын көрсетті: желідегілер таңдай қақты
Фото: ult.kz

Ресейдегі ең бай қазақ деп танылып кеткен Совет есімді азаматтың француз тектес жылқысы желі жұлдызына айналды, деп хабарлайды ult.kz.

Видеоны Әлиғазы Төртқара есімді әнші жариялаған. Ол аттың Совет мырзаға тиесілі екенін жазды.

Желідегілер аттың сұлулығына тәнті болып таңдай қақты. 

«Қандай сұлу», «Ерекше екен», «Міне, нағыз жүйрік», «Керемет» деді желідегілер. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде тараған бейнежазбада ер адам алтын сақинаға толы қолдарын көрсетіп, алтын тісімен көзге түскен еді. Желі қолданушылары оны Ресейдегі ең бай қазақ деп атаған еді. Кейбір деректерге сүйенсек, оның 10 мың бас жылқысы және 76 тазы иті бар екен.