Freedom Inside '26

Ресейдегі ең бай қазақ қиын тағдыры туралы алғаш рет сыр шертті

Ресейдегі ең бай қазақ қиын тағдыры туралы алғаш рет сыр шертті
Коллаж: ult.kz

Ресейдегі ең бай қазақ деп танылып кеткен Совет есімді азамат желіде жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол бұл жолы анасы туралы сөз қозғапты. 

«Менің анам – Қанымша. Әкемізден біз өте кішкентай кезімізде айырылып қалдық. Анам төрт баланы жалғыз өзі өсіріп, аяққа тұрғызды. Бізді жеткіземін деп бар күш-жігерін салды.

Анашым, біз үшін жасаған барлық еңбегіңізге мың алғыс! Сіздің мейіріміңіз бен қамқорлығыңыздың арқасында бүгінгі күнге жеттік. Ата-аналарыңыздың қадірін біліңіздер, оларды аялап, жақсы көріңіздер. Себебі ата-анамыз аман болса, біз әрқашан олардың баласы болып қала береміз», - деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде тараған бейнежазбада ер адам алтын сақинаға толы қолдарын көрсетіп, алтын тісімен көзге түседі. Желі қолданушылары оны Ресейдегі ең бай қазақ деп атаған еді.

Кейбір деректерге сүйенсек, оның 10 мың бас жылқысы және 76 тазы иті бар екен.