Оралда жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесемін деп азаматтарды алдаған 30 жастағы ер адам ұсталды. Полиция оның алаяқтықтың бес дерегіне қатысы барын анықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігін алуға және қажетті рәсімдерден өтуге көмектесуге уәде бергені белгілі болды. Ақшаны алғаннан кейін ол уәдесін орындамаған.
Полицияның мәліметінше, бес азаматқа келтірілген жалпы шығын 1 миллион теңгеден асқан.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды жүргізуші куәлігін алып беруге, емтихан нәтижесіне немесе оны алу тәртібіне заңсыз ықпал етуге уәде беретін адамдарға сенбеуге шақырды. Ведомство бейтаныс адамдарға ақша бермеуді ескертті.