Ракитич «Алтын допқа» үміткер үздік үш футболшыны атады

Ракитич «Алтын допқа» үміткер үздік үш футболшыны атады
Ашық дереккөз

«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Иван Ракитич 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне басты үміткер деп санайтын үш футболшыны атады, деп хабарлайды ult.kz.

Ракитичтің пікірінше, үздік үштікте үш испаниялық футболшы болуы керек.

«Мен Олисенің үлкен жанкүйерімін. Оның бойында ерекше қасиет бар. Алайда ол әлем чемпионатында мінсіз өнер көрсете алмады. Онымен бірге үштікке Ламинді және тағы да Родриді қосар едім», – деді Ракитич.

Осылайша, бұрынғы «Барселона» ойыншысы «Алтын допқа» үміткерлер қатарынан Ламин Ямаль, Родри және Майкл Олисе ойыншыларын атады.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте France Football журналы 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады.

Жүлдені табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Биылғы марапаттау рәсімі «Алтын доп» тарихындағы 70-шы мерейтойлық кеш болмақ.

Жеңімпазды FIFA рейтингіндегі үздік 100 елдің атынан дауыс беретін 100 журналист анықтайды.