31 тамызда Арал қаласында 38 жастағы учаскелік полиция инспекторының зорлық белгілері бар мәйіті табылды, деп хабарлайды ult.kz Криминальный Казахстан Telegram арнасына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, жанжал кезінде ер адам учаскелік инспекторды ұрып-соққан. Алған жарақаттарынан полицей көз жұмған. Оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.
Қызылорда облысының Полиция департаменті марқұм мен күдіктінің бір-бірін бұрыннан танығанын хабарлады. Бұған дейін учаскелік инспектор ер адамды отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.
Күдікті – Арал қаласының 39 жастағы тұрғыны (суретте). Оның жеке басы анықталды. Қазір ер адамға іздеу жарияланған. Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.