Қызы ғана аман қалған: Ер адам отбасының 6 мүшесін қырып салды

Қызы ғана аман қалған: Ер адам отбасының 6 мүшесін қырып салды
Фото: freepik

АҚШ-тың Айова штатындағы бұл оқиға елді дүр сілкіндірді. Полиция оны «зұлымдық әрекеті» және соңғы жылдардағы ең ауыр отбасылық қырғындардың бірі деп атады, деп хабарлайды ult.kz.

2026 жылдың 1 маусымында Айова штатының Мускатин қаласында 52 жастағы Райан Уиллис Макфарланд өз отбасының алты мүшесін атып өлтірді. Кейін полиция оны өзен жағасындағы соқпақтан тауып, сөйлеспек болған кезде ол өзіне қол жұмсаған.  

Тергеу мәліметінше, алғашқы төрт мәйіт Макфарландтың үйінен табылған. Кейін тағы екі адамның денесі қаланың басқа жерлерінен – бір үй мен бір кәсіпорын аумағынан анықталған. Барлығы бір отбасының мүшелері болған.  

Қаза тапқандардың арасында оның жұбайы Леса Макфарланд, қызы Райл, ұлдары Марк пен Райан кіші, сондай-ақ туыстары Дакота Уитлоу мен Остин Харрис болғаны белгілі болды.  

Полицияның алдын ала болжамынша, қанды оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған. Алайда нақты себеп әлі жарияланған жоқ. Көршілердің айтуынша, қылмысқа дейін бірнеше минут бұрын Макфарланд өлім мен ақша туралы түсініксіз сөздер айтып жүрген.  

Ең ауыр жайттардың бірі – отбасының жалғыз аман қалған мүшесі 22 жастағы Джонатан Макфарланд болды. Ол қырғын кезінде үйде болмаған. Кейін марқұмдарға арналған еске алу рәсімінде сөйлеп, анасы мен бауырларына деген сағынышын жеткізген.  

Тергеу барысында күдіктінің бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Оның қарулы тонау, алаяқтық және балаларға қауіп төндіру бойынша сотталғаны белгілі болды.  

Бұл оқиға АҚШ-тағы 2026 жылғы ең шулы отбасылық қылмыстардың бірі ретінде бағаланып отыр.