Freedom Inside '26

Қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына 388 млн теңгеден астам сыйақы берілді

Қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына 388 млн теңгеден астам сыйақы берілді
ашық дереккөз

Қазақстан Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ult.kz.

Үкіметтің шешіміне сәйкес, қысқы Паралимпиадада жүлде алған және үздік алтылыққа енген қазақстандық спортшылар мен олардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына жалпы сомасы 388 миллион теңгеден астам сыйақы төленді.

Ақшалай марапатқа пара биатлон, пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасында өнер көрсеткен Ербол Хамитов, пара шаңғы жарысы мен пара шаңғы эстафетасының өкілі Александр Герлиц, сондай-ақ пара шаңғы эстафетасының қатысушысы Владислав Кобаль ие болды.

Сонымен қатар Паралимпиада чемпионына жергілікті атқарушы орган тарапынан қосымша әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдік чемпионға коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.