Қостанай білім бөлімі басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанай білім бөлімі басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөз

Қостанай қаласы әкімдігінің Білім бөлімі басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Ведомство мәліметінше, Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы білім саласына қатысты лауазымды тұлғаларға байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Күдіктілер өзге адамдармен алдын ала сөз байласып, бөлімге қарасты мектептерге бөлінген бюджет қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінген.

1 маусым күні күдіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізілген. Сол күні Қостанай қаласы әкімдігінің Білім бөлімі басшысы Г.А. Ұразбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша күдікке ілініп, уақытша ұстау тәртібімен қамауға алынған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар Қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.