Қажылыққа барғысы келетін қазақстандықтар тек 4 туроператорды таңдай алады

Қажылыққа барғысы келетін қазақстандықтар тек 4 туроператорды таңдай алады
Ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыратын төрт туроператорды анықтады, деп хабарлайды ult.kz.

Іріктеу қорытындысы бойынша тізімге:

«Атлас Туризм» ЖШС;

«Нұрхан Тревел» ЖШС;

«Тауаф Тревел» ЖШС;

«Хикмет Тревел» ЖШС енді.

Туроператорлар қажылық және ұмра сапарларын ұйымдастырудағы тәжірибесі, қызмет көрсету көрсеткіштері, лицензиялары мен белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша бағаланған. Сондай-ақ Сауд Арабиясы тарапынан қойылатын талаптар ескерілген.

ҚМДБ мәліметінше, іріктеуден өтпеген туроператорлар жоғарыдағы компаниялардың бірімен субагенттік негізде қажылық сапарын ұйымдастыра алады.