Freedom Inside '26

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді
Ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, кей жерлерде жел күшейіп, таңертең тұман түсуі күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Алматы және Павлодар облыстарының таулы аймақтарында, Ақмола облысының шығысында, Жетісу мен Жамбыл облыстарының тауларында, сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында және Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады.

Сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Ұлытау және Маңғыстау облыстарында күн бұлтты болып, аздаған жаңбыр жаууы мүмкін.

Желдің күшеюі Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында және Абай облысының жекелеген аумақтарында күтіледі. Бұл өңірлерде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Бұдан бөлек, таңертең Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, сондай-ақ Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі деп болжанып отыр.

Мамандар ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты тұрғындарға жолда және ашық ауада сақ болуға кеңес береді.