Қазақстандықтарға Индонезияға визасыз кіруге мүмкіндік берілді

Қазақстандықтарға Индонезияға визасыз кіруге мүмкіндік берілді
ашық дереккөз

Қазақстан азаматтары 2026 жылдың шілдесінен бастап Индонезияға визасыз кіріп, ел аумағында 30 күнге дейін бола алады, деп хабарлайды ult.kz.

Индонезия Сыртқы істер министрлігі бұл шешімді өзара қағидаты негізінде қабылдаған. Бұған дейін Индонезия азаматтарына да Қазақстанға сапар кезінде осындай мүмкіндік берілген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Визасыз режим екі елдің ұлттық төлқұжат иелеріне қолданылады. Қазақстан азаматтары үшін кіру тегін және бір рет кіруге мүмкіндік береді. Елде болудың ең ұзақ мерзімі – келген күннен бастап 30 күн.

Алайда визасыз режим шетелдік туристерге қойылатын жалпы талаптарды жоймайды.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап Индонезияға шетелден келетін барлық жолаушы All Indonesia бірыңғай электронды декларациясын толтыруы тиіс.

Декларацияны толтыру тегін. Оны елге сапарға шықпай тұрып алдын ала рәсімдеуге болады.