Қазақстандықтарды мазалаған автодозвон мәселесі заңмен реттелмек

Қазақстандықтарды мазалаған автодозвон мәселесі заңмен реттелмек
ашық дереккөз

Елде азаматтарды мазалайтын автоматты қоңырауларға қатысты жаңа өзгерістер әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

Мәлім болғандай, автодозвон мәселесі министр деңгейінде көтеріліп, заңнамаға тиісті түзетулер енгізу бастамасы ұсынылған. Нәтижесінде қазіргі уақытта Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер дайындалуда.

Жаңа талапқа сәйкес, енді абонентке қабылданбаған қоңыраулар туралы хабарлама тек SMS арқылы жіберіледі.

Сонымен қатар заң жобасы аясында рұқсат етілмеген трафикті генерациялауға тыйым салатын арнайы нормалар да қарастырылып жатыр.

Бастама авторларының айтуынша, бұл өзгерістер халықты мазалайтын заңсыз әрі спам сипатындағы қоңырауларға құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қоюға бағытталған.