Қазақстандық жас жұбайлар тойын 210 мың теңгеге өткізген

Қазақстандық жас жұбайлар тойын 210 мың теңгеге өткізген
threads.com/@a.islyamgalieva

Қазақстандық жас жұбайлардың небәрі 210 мың теңгеге той жасағаны әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды ult.kz.

Жас жұбайлар 50 адамға арналған мерекенің барлық шығынын ашық бөліскен. Олардың айтуынша, салтанатты неке қию рәсімі мен фуршетке 125 мың теңге жұмсалған. 

Қалған шығындары:

  • той көйлегі – 19 мың теңге;
  • күйеу жігіттің костюмі – 13 мың теңге;
  • неке қию рәсімі – 20 мың теңге;
  • қолға ұстайтын гүлдер – 4 мың теңге;
  • қалыңдықтың шаш үлгісі – 9 мың теңге;
  • фотограф қызметі – 20 мың теңге.

Осылайша, жас жұбайлардың жалпы шығыны 210 мың теңгені құраған.

Қалыңдықтың айтуынша, той көйлегі мен күйеу жігіттің костюмін қытайлық интернет-дүкеннен тапсырыс берген. Ал макияжын өзі жасаған.

Қарапайым әрі үнемді той туралы оқиға желіде қызу талқыланып, қолданушылар арасында той шығынын азайту және бюджетті алдын ала жоспарлау туралы пікірталас туды.