Қырғызстанда өткен халықаралық «Ыстықкөл кубогы – 2026» аламан бәйгесінде көпшілікті тәнті еткен ерекше оқиға болды, деп хабарлайды ult.kz.
Жарыс барысында қазақстандық шабандоз ат үстінен құлап қалған. Сол сәтте көрермендер арасында жүрген қырғызстандық Алихан Асқарбеков еш ойланбастан жүйрікке қарғып мініп, бәйгені жалғастырған. Алиханның батылдығы мен шапшаңдығының арқасында тұлпар мәреге үшінші болып жетіп, жүлделі орыннан көрінді.
Осы әсерлі оқиғадан кейін қазақстандық шабандоз азаматтық танытып, үшінші орын үшін берілген ақшалай сыйақыны – шамамен 2,8 мың долларды Алихан Асқарбековке табыстау туралы шешім қабылдаған.
Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленіп, көпшілік қазақстандық спортшының кеңпейілдігі мен қырғызстандық баланың батылдығына жоғары баға берді.