Қазақстандық нөмірін жасырып, Грузия нөмірін таққан жүргізуші жазаланды

Қазақстандық нөмірін жасырып, Грузия нөмірін таққан жүргізуші жазаланды
Қазақстанда көлік нөмірі көрінбей қалған жүргізушілерге қанша айыппұл салынады?

Қарағанды облысында жүк көлігінің қазақстандық нөмірін Грузияныкімен жасырған 35 жастағы жүргізуші ұсталды. Сот оны бір жылға көлік басқару құқығынан айырып, әкімшілік қамауға алды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, оқиға 7 қазанда Астана – Қарағанды тасжолының 111-шақырымында, Осакаровка кенті маңында болған. Полицияға QAJ жүйесі арқылы DAF жүк көлігінде жалған нөмірлер болуы мүмкін екені туралы ақпарат түскен.

Тексеру барысында көліктің шынайы қазақстандық нөмірлерінің үстіне Грузияның мемлекеттік тіркеу нөмірлері орнатылғаны анықталды. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері облыста жалған нөмір пайдаланған 87 жүргізуші анықталған.