Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі қатаңдауы мүмкін

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі қатаңдауы мүмкін
Ашық дереккөзден

Қазақстанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беру ережесін өзгерту жоспарланып отыр. Ішкі істер министрлігі әзірлеген жобаға сәйкес, нөмірді рәсімдеу немесе түзету кезінде өтініш берушінің елде заңды жүргені тексеріледі, деп хабарлайды ult.kz.

Ол үшін шетелдіктердің деректері иммигранттардың эталондық дерекқорымен салыстырылады. ІІМ бұл өзгеріс ЖСН рәсімдеу кезінде қолданылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыруға бағытталғанын мәлімдеді.

Құжат 28 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Бұған дейін ІІМ шетелдіктер жаңа мобильді қосымша арқылы көші-қон қызметтерін, соның ішінде ЖСН рәсімдеу мүмкіндігін алатынын хабарлаған болатын.