Қазақстанда 70 жылдан бері алғаш рет жолбарыс табиғи ортаға жіберілді

Қазақстанда 70 жылдан бері алғаш рет жолбарыс табиғи ортаға жіберілді
ашық дереккөз

31 шілдеде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Үміт есімді амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді, деп хабарлайды ult.kz. 

Үміт мамыр айында Ресейден Қазақстанға бір аталық жолбарыс және екі күшігімен бірге жеткізілген.

Табиғатқа жіберілер алдында ол ветеринарлық тексеруден өткен. Жолбарысқа GPS-қарғыбау тағылған. Енді мамандар оның қозғалысын спутник пен фототұзақтардың көмегімен бақылап отырады. 

Ал Тұран мен Уссури атты екі күшік 18 айға дейін зоологтардың бақылауында болады.