Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етеді

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етеді
ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың I тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4 млн 527,1 мың адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 мың адамға немесе 0,9%-ға көп, деп хабарлайды ult.kz.

Статистикаға сәйкес, жұмыспен қамтылған әйелдердің 3 млн 602 мыңнан астамы (79,6%) жалдамалы қызметкер болса, 925,1 мыңы (20,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

Ең көп әйел еңбек ететін салалар:

  • білім беру – 902,2 мың адам (19,9%);
  • көтерме және бөлшек сауда – 877,6 мың адам (19,4%);
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 426,3 мың адам (9,4%);
  • өнеркәсіп – 388,1 мың адам (8,6%);
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 351,2 мың адам (7,8%).

Бір жыл ішінде әйелдер жұмыспен қамтылуы ең көп артқан салалар:

  • жылжымайтын мүлікпен операциялар – 25,7%;
  • әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 21,9%;
  • көлік және қоймалау – 16,2%;
  • өнеркәсіп – 7,6%.

Өңірлер бойынша жұмыспен қамтылған әйелдер санының ең жоғары өсімі:

  • Қарағанды облысында – 7,8%;
  • Ақтөбе облысында – 6,5%;
  • Алматы қаласында – 6,3%;
  • Түркістан облысында – 6,1%.

Сондай-ақ, қала тұрғындары арасында жұмыспен қамтылған әйелдер саны ауылдық жерлерге қарағанда жоғары. Қалалық жерлерде жұмыс істейтін әйелдер саны 3 млн 8,5 мың адамды құрады.