«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Елжас Мұратұлы Отыншиев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ult.kz.
Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтында «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Мәскеудегі Ernst & Young компаниясының бизнес-бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінде кеңесші болып бастаған.
2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында түрлі қызметтер атқарды. 2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеп, инвестициялық портфельді басқаруға жетекшілік етті.
2023 жылдың сәуірінен бері «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарып, қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.
2024 жылдың ақпанынан бастап «Қазақстан темір жолы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2023 жылы Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.