«Qazaqstan» телеарнасында Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты көрсетіледі

«Qazaqstan» телеарнасында Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты көрсетіледі

Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімі көрсетіледі. Бұл туралы Инстаграмдағы жеке парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін сағат 20:50-де «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімін көрсетеді. Гала-концертке Қазақстанның танымал өнер иелері мен саxна шеберлері Д. Құдайберген, Ә.Дінішев, А.Мұсақожаева, М.Мұхамедқызы, М.Мудряк, М.Шотабаев, Н.Бекмұхамедов және басқалар қатысты», - деп жазған Мемлекет басшысы концерттен видеоүзіндіні жариялады.

Еске салайық, кеше, 15 сәуір күні Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты өтті. Қазақстандық әртістердің гала-концертін екі мемлекеттің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев тамашалады.