Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстан шетелдіктерді стоматологиялық қызметпен тартуда

Қазақстан шетелдіктерді стоматологиялық қызметпен тартуда
Ашық дереккөз

Қазақстан медициналық туризмнің тартымды бағыттарының біріне айналып келеді. Шетел азаматтары елімізге сапалы әрі қолжетімді стоматологиялық қызмет алу, соның ішінде тіс импланттарын орнату үшін жиі келе бастаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев Құрылтай отырысы аясындағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанның басты артықшылықтарының бірі – медициналық қызмет сапасы мен бағасының қолжетімділігі.

Қазақстан стоматологтары қауымдастығының мәліметінше, шетел азаматтарының отандық стоматологияға қызығушылығы артып келеді. Өйткені бірқатар елде бір тіс имплантын орнату бірнеше мың доллар немесе еуро тұрады. Ал Қазақстанда дәл осындай қызметтер әлдеқайда арзан.

«Қазақстан стоматологтарының қызмет сапасы шетелдік мамандардан кем түспейді. Сонымен қатар бағасы да қолжетімді», – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Оның сөзінше, медициналық туризмнің дамуы отандық медицина саласы мен мамандар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады.