Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді, деп хабарлайды ult.kz.
Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасы мен 95-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындықты ұйымдастырып, оны өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Сонымен қатар Үкіметке, Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды жедел қабылдау міндеттелді.
Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енді.