Қазақстан Орталық Азиядағы ең әл-ауқатты ел атанды

Қазақстан Орталық Азиядағы ең әл-ауқатты ел атанды
ашық дереккөз

Қазақстан Legatum Prosperity Index 2026 жаһандық әл-ауқат рейтингінде 161 елдің ішінде 66-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды. Бұл туралы Prosperity Institute жариялаған рейтингте айтылған, деп хабарлайды ult.kz.

Рейтингте Қазақстаннан кейін Қырғызстан – 87-орында, Өзбекстан – 94-орында, Тәжікстан – 129-орында, ал Түрікменстан – 150-орында орналасқан. Ресей 103-орынға жайғасты.

Қазақстан ең жоғары нәтижені білім беру саласында көрсетті. Бұл көрсеткіш бойынша ел әлемде 32-орынға ие болды. Сондай-ақ отбасы байланыстарының беріктігі бойынша 30-орынды, ал өмір сүру деңгейі бойынша 53-орынды иеленді.

Әлемдік рейтингтің көшін Швейцария бастады. Алғашқы бестікке сондай-ақ Норвегия, Ирландия, Дания және Финляндия енді.

Legatum Prosperity Index елдердің әл-ауқатын үш негізгі бағыт бойынша бағалайды: даму деңгейі, еркіндік және қоғамдық байланыстардың жағдайы. Рейтингті жасау барысында өмір сүру деңгейі, денсаулық сақтау, білім беру, экономикалық еркіндік, қауіпсіздік және қоғамдағы қарым-қатынастарды қамтитын 150-ден астам көрсеткіш есепке алынады.

2026 жылғы рейтингте әдістеме жаңартылып, елдің жалпы нәтижесін есептеу кезінде әлсіз көрсеткіштердің ықпалы күшейтілген.