Қазақстан латын әліпбиіне қашан көшеді? Министрлік жауап берді

Қазақстан латын әліпбиіне қашан көшеді? Министрлік жауап берді
ашық дереккөз

Қазақстанның қазақ тілін латын графикасына көшіруінің нақты мерзімі әзірге белгіленген жоқ, деп хабарлайды ult.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті жаңа әліпби жобасы мен емле ережелерін әлі де жетілдіріп жатыр. Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары Эльмира Асан мәлімдеді.

Оның айтуынша, мамандар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жобасы мен орфографиялық ережелерді жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.

Министрлік ресми құжаттар нормативтік-құқықтық актілермен бекітілмейінше, латын әліпбиінің әртүрлі нұсқаларын қолдану негізсіз екенін атап өтті.

Әліпбиді әзірлеу жұмыстарының қашан аяқталатыны және оны енгізу мерзімі де әзірге белгісіз. Бұл мәселеге қатысты бұдан кейінгі шешімдер Үкіметтің тиісті тапсырмасынан кейін қабылданады.