Қазақстан Азиадада бесінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстан Азиадада бесінші алтын медалін жеңіп алды
ТСМ

Қазақстан құрамасының қоржынына XX жазғы Азия ойындарында бесінші алтын медаль түсті. ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ult.kz.

Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында аралас жекпе-жектен (ММА) финалдық кездесулер өтіп жатыр.

77 келіге дейінгі салмақта дәстүрлі стиль бойынша өнер көрсеткен Еркінғали Бүркіталин финалда Бахрейн өкілі Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, ММА жазғы Азия ойындарының бағдарламасына тарихта алғаш рет Жапонияда енгізілді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісіндегі алтын медаль саны 5-ке жетті.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы бар. Олар жарыстың 35 спорт түрінен жүлдеге таласып жатыр.