Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды
ашық дереккөз

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оның қамауға алынуына санкция берді, деп хабарлайды ult.kz. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында қызметіне салғырт қарағаны үшін Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Бұған дейін Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына байланысты бес лауазымды тұлға ұсталғанын жазғанбыз.

Қанат Ниязбеков Қазақ КСР-інің Семей облысы Аягөз қаласында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келген. 

Алматы қаласындағы Б. Момышұлы атындағы Республикалық әскери мектеп-интернатын, Калининград жоғары әскери-теңіз училищесін (Ф. Ф. Ушаков атындағы Балтық әскери-теңіз институты) және Санкт-Петербург қаласындағы Н. Г. Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясын тәмамдаған.