«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жамбыл облысындағы «Фосфор зауыты» – «ЖЖФЗ» ЖШС филиалы компания құрылымына кірмейтінін мәлімдеді.
Корпорацияның ресми хабарламасында аталған кәсіпорынның жұмысына, оны басқаруға, кадрлық шешімдерге немесе қызметкерлерге қатысты қандай да бір оқиғаларға қатысы жоқ екені айтылған.
«Қазақмыс» өкілдерінің мәліметінше, «Фосфор зауыты» қызметін компаниялар тобына байланыстыратын ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Компания жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырып, жалған немесе нақты расталмаған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұрады.