«Қазақмыс» «Абыз» кен орнында 2 600 метрден астам барлау ұңғымасын бұрғылады

«Қазақмыс» «Абыз» кен орнында 2 600 метрден астам барлау ұңғымасын бұрғылады

Қарағанды облысында орналасқан «Абыз» алтын-полиметалл кен орнында геологиялық барлау қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 2 600 қума метрден астам бұрғылау аяқталды, бұл белгіленген 5 100 метрлік жоспардың жартысынан астамын құрайды, деп хабарлайды Ult.kz.

Жоба шеңберінде тереңдігі 800-ден 1 200 метрге дейін жететін алты ұңғыма бұрғылау көзделген. Алынған керн үлгілері кешенді геологиялық сараптамадан өтеді. Бұл зерттеулер кен орнының терең қабаттарының құрылымын нақтылап, келешегі бар учаскелерді анықтауға жол ашады.

Компания үшін терең бұрғылау — минералдық-шикізат базасын кеңейтудің негізгі тәсілдерінің бірі. Жұмыс істеп тұрған кен орындарын тереңдете зерттеу олардың қосымша мүмкіндіктерін бағалауға әрі геологиялық барлаудың алдағы бағыттарын айқындауға септігін тигізеді.

2026 жылы жаңа басқарушы құрамның келуімен «Қазақмыс» геологиялық барлау саласына басымдық берип, өзі қатысатын өңірлердегі келешегі зор учаскелерді игеру ауқымын едәуір ұлғайтты.

«Абыз» кен орнындағы терең бұрғылау бағдарламасын 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.