Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Ақорда

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған, деп хабарлайды ult.kz.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады. 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 

Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.