Алматы облысының Боралдай кентінде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қарт әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz, Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан егде жастағы әйел түрлі дене жарақатын алған. Мопед жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнын тастап кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің жеке басын қысқа уақыт ішінде анықтады.
Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде жаяу жүргіншімен қатар мопед жүргізушісі де жарақат алып, екеуі де медициналық мекемеге жеткізілген.
Қазіргі уақытта мопед жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға және жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға орнын өз бетінше тастап кетпеуге шақырды.