Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.
Stan.kz мәліметінше, жол апаты Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында болған. Тағы бір бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік екіге бөлініп қалған.
Дәрігерлер ауыр жарақат алған баланың өмірін аман алып қалды. Алайда оның жағдайы әлі де ауыр деп бағалануда.
Полицияның мәліметінше, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.