Қарағандыда саяжай төрағасы мен қоғам белсендісін атып кетті: күдікті ұсталды

Қарағандыда саяжай төрағасы мен қоғам белсендісін атып кетті: күдікті ұсталды

Қарағандыда саяжай қауымдастығының төрағасы мен жергілікті белсенді әйел қарудан атылған оқ жарақатынан қаза тапты. Күдікті ұсталып, қылмысын мойындаған, деп хабарлайды ult.kz.

Бөкейханов ауданындағы «Оптимист» саяжай қауымдастығы аумағындағы үйлердің бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылды. Екеуінің де денесінде оқ жарақаты болған.

Қаза тапқан ер адам саяжай қауымдастығының төрағасы әрі заңгер болған. Ал әйел жергілікті қоғам белсендісі ретінде белгілі.

Полиция күдікті ретінде Қарағандының 56 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам өз кінәсін мойындаған.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Саяжай тұрғындарының айтуынша, екі адамның өліміне саяжай қауымдастығы төрағасының қызметіне қатысты туындаған жанжал себеп болуы мүмкін.