Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті

Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті
Фото: freepik

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылған, деп хабарлайды ult.kz.

Екеуінің де денесінен оқ жарақатының белгілері анықталды. 

«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру барысында 56 жастағы күдікті ер адам ұсталды. 

Полиция мәліметінше, ұсталған адам қылмыс жасағанын мойындаған. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Тергеу жүріп жатыр.